Әкімнің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Астанада кездесу барысында астана жетекшілері екі қала арасында келешекте ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылап, екіжақты қарым-қатынастар бойынша пікір алмасты.
"Қазақстан Латвияны Балтық аумағындағы маңызды әріптес ретінде қарастырады. Біздің қалаларымыз экономикалық әлуеті мен экономикасының құрылымы жағынан өте ұқсас. Қала ЭКСПО-2017 өткізуге дайындалуда. Болашақта бірлескен кәсіпорын құратындай біршама мәселе бар", деді әкім, оның сөздерін баспасөз қызметі келтіріп отыр.
Рига мэрі болса екі қала арасындағы қатынастардың дамуын экономикалық та, мәдени де байланыстар күшейтеді, деп айтты.
" Бізге туристік сала да қызық", деді Н.Ушаков.
Кездесу нәтижелері бойынша денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру, туризм және спорт саласында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарына қол қойылды.