Астана мен Шахтер футбол клубтары Қазақстан суперкубогына таласады

Осыған орай бүгін елордада ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында екі команданың да жаттықтырушылары өз ойыншыларының бұл кездесуге тыңғылықты дайындалғандығын атап өтті.

Астана командасының бас жаттықтырушысы М.Беранектің атап өтуінше, футболшылар Түркияда дайындықтан өткен. Ал қарағандылық клубтың жаттықтырушысы В.Кумыков бұған дейін Шахтер ел суперкубогы жолында үш мәрте ұтылғандығын, ал осы жолы жеңіске жетуге барын салатындықтарын айтты.