ТЖМ ақпаратына сәйкес, Астана қаласының Әл-Фараби ықшамауданында 3 шілдеде алты қабатты көппәтерлі тұрғын үйде 08 сағат 35 минутта 2-ші подьездің бірінші қабатында тоқтың қысқаша тұйықталуы болып, өрт шыққан.
Өрт салдарынан көмірқышқыл газынан уланып, 12 жасар екі, 8 жасар бір бала көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.
Өрт 09 сағат 17 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 14 адамы мен 3 техникасының күшімен сөндірілді.
Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында 4 шілдеде 02 сағат 42 минутта алты пәтерлі үйде жалпы аумағы 200 шаршы метр жерде ортақ дәліздің ағаш конструкциялары, мансарда мен төбе жабыны өртенген.
Өрт салдарынан 80 жасар әйел мен 87 жастағы ер адам қаза тауып, 57 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды. Өрт 07 сағат 02 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 36 адамы мен 8 техникасының күшімен сөндірілді.