Астана мерекесінде елордадағы перзентханаларда 74 сәби дүниеге келді


Атап айтқанда, Астана қаласының Перинаталдық орталығында мереке күні 17 бала дүние есігін ашса, № 3 перзентханада 23 ана босанған. Ал қаланың №1 перзентханасында бұл күні дүниеге келген баралар саны - 27 болса, Ана мен бала орталығында 7 ана босанған. Осылайша, жалпы елорда бойынша қала күнінде дүниеге келген бөбектердің саны 74 -ті құрап отыр. Бас шаһарда орташа есеппен жылына 16 мыңға тарта бала өмірге келетінін ескерсек, мамандар мереке күні дүние есігін ашқан сәбилердің санын жоғарғы көрсеткішке балап отыр.