Астана оқушылары түстен кейін де онлайн оқиды 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептердің екінші ауысымда білім алатын оқушылары қашықтан оқиды.

2026 жылғы 27 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп хабарлады Астана қаласының Білім басқармасы.