Астана олимпиадашылар алаңы ашылады

Саябақ 6 аумаққы бөлінді: саяжай, орталық аллея, мозайкасы бар 4 грот композициясы, құрғақ субұрқақ, олимпиадашылар алаңы. 

«Орталық аллея - орталық кіреберіс Тұран даңғылын жағында орналасқан. Бүгінде қалалық сағаттың металл конструкциясы орнатылған. Мамыр айында сағатты жасайтын зауыт елордада болып, монтаждау жұмыстары жасалып, қалалық сағатты ақ мәрмәрмен қаптау жұмыстары аяқталады», - деді П. Кулагин.

Кіреберіс топта қалалық сағат пен 4 грот композициясын көруге болады. Гротта  жылдың төрт мезгілі көрініс табады. Астаналық суретшілер бұл гроттардың ішінде бейнеленетін мозайкалардың эскиздік жобаларын мақұлдады. Орталық аллеяда сағаттың жанында «құрғақ» субұрқақ болады. Субұрқақтың ерекшелігі - оның су арнасы, аққан суы болмайды, гейзерлер плиталардың астынан шығарылады.  Жаңашылдықтың басым бөлігі осы орталық аллеямен байланысты болады, қалғаны ретке келтіріледі, кеспе тастар ауыстырылады және т.б. жұмыстар жүргізіледі.


«Сонымен бірге, бақта уақыт арнасы немесе уақыт өзені пайда болады. Арна жермен бірдей деңгейде орналасады.Онда күннің көзі түріндегі ыдыстан су ағады. Сондай-ақ, олимпиадашылар алаңында фундамент салу, бөлу және құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олар олимпиадалық сақиналар түрінде болып, мұнда еліміздегі барлық олимпиада чемпиондары  мен жүлдегерлерінің тізімі беріледі. Осылайша, біз спорттың алуан түрлерінен басты сында биік белестен көрінген споршыларымыздың аты-жөні жазылған құрмет тақтасын жасамақпыз. Қазіргі уақытта оны дұрыс орнату мәселесі қаралып жатыр», - деп қосты П. Кулагин.