Театр баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 және 23 қазан күндері Д. Вердидің «Аттила» опералық қойылымы сахналанады. Қойылымның музыкалық жетекші және дирижері әлемде әйгілі тұлға - Валерий Гергиев (Мариин театры, Санкт-Петербор). Басты партияларды орындайтындар: Аттила - әлемнің үздік басы Ильдар Әбдіразақов, Одабелла - әсем дауыс иегері, Вердидің сопраносына лайықты Анна Маркарова (Мариин театры, Санкт-Петербор).
Ал 22 және 24 қазанда театр классикалық музыка жұлдыздарының гала концертін өткізеді. Мәдени кешке Денис Мацуев, Светлана Захарова, Әлібек Дінішев, Ильдар Әбдіразақов, Анна Маркарова, Сергей Крылов, Ольга Перетятько, Майра Керей, Медет Шотабаев, Әлфия Кәрімова, Абзал Мұхитдинов, Айгерім Бекетаева, Тайыр Гатауов сынды өнер жұлдыздары қатысады.
Билет бағасы 500 теңгеден 30 000 теңгеге дейін. Алдын-ала сатылым кезінде билеттер қойылымға екі апта қалғанда саудаға түседі. Билеттер тек қана «Астана Опера» театрының кассасында сатылады.