«Астана Операда» үш күн қатарынан «Аққу көлі» балеті қойылады

«Бұл спектакль костюм суретшісі мен сценография бойынша суретшіден басқаның барлығы өзіміздің қазақстандық мамандар болуымен ерекше. Костюмдардың барлығы өзіміздің театрда жуырда ашылған костюм цехында тігілді. Сондай-ақ, декорацияны да біз алғаш рет тек өзіміз жасап шықтық», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, басты партияда Әйгерім Бекетаева мен Тайыр Гатауов; Гауһар Усина мен Еркін Рахметоллаев ойнайды. Ал декорациялар мен костюмдер итальяндық шеберлер Эцио Фриджерио мен Франко Скуарчапионың басқаруымен әзірленген.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қоюшы хореограф Ғалия Бөрібаеваның айтуынша,  жарық көргеніне 130 жылдан асқан балеттің мыңға жуық редакциясы бар. «Біз бірінші актіні шамалы редакцияладық. Полонезде әртістер саны өзгереді, үшінші актінің құрамы ұлғаяды. Балдағы би де шамалы өзгеріп, 32 аққу басты кейіпкерлердің көңіл-күйін бейнелейді. Жалпы алғанда сюжет өзгерген жоқ, бірақ әдетте қайғылы аяқталатын финалы ХХ ғасырдың екінші жартысында қайта қаралып, содан бері аяқ жағында ғашықтар бақыт құшады. Ал түпнұсқада теңіз тасып, басты кейіпкерлерді толқын алып кетеді», - деп түсіндірді ол.