Басты партияларды «Астана Опера» сахнасында алғаш рет орындайтындар: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова (Сара) және Халықаралық конкурстардың лауреаты Бейімбет Таңарықов (Бiржан).
2013 жылдың маусымында театр өзінің алғашқы маусымын ресми түрде ұлттық операмыз - «Біржан-Сарамен» ашып, ал 2014 жылы ақпан мен наурыз айларында осы туындыны Абай атындағы МАОБТ және Мариин театрының сахнасында гастрольдік сапар аясында қойған еді. Операға жаңаша көзқарас білдірген ресейлік қоюшы режиссер Юрий Александровтың қойылымы еліміз - Қазақстанда және жақын шетел - Ресейде де музыкалық сыншылар мен тіс қаққан көрерменнің жоғары бағасын иеленді.
«Бiржан-Сара» операсынан кейін негізгі залда ауыз толтырып айтатын тұсаукесерлер бірінен кейін бірі өтеді, атап айтқанда:
11 мен 13 сәуірде көрермен назарына стильдік тұрғыдан француздық, алайда рухы жағынан итальяндық «Богема» операсы ұсынылады.
25, 26 және 27 сәуірде көрерменнің сүйікті балеттерінің бірі П. Чайковскийдің «Аққу көлі» қойылады.
Мұнымен қатар өнерді бағалайтын кішкентай әуесқойлар үшін жағымды жаңалық - театр тегін экскурсия жүргізуін қайта жалғастырады. Балаларға шымылдықтың арғы жағында не болып жатқаны - өнер ошағының құпия да, көпшілік үшін белгісіз түкпірі көрсетіледі.