Бұл жайында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі таратқан ақпаратта айтылған.
«Тұрғындар тарапынан көптеген өтініштердің түсуіне байланысты 2013 жылдан бастап «Астана - Орал» және «Павлодар - Қарағанды» бағдарлары бойынша жолаушылар пойызын іске қосу көзделуде», - делінген ведомство ақпаратында.
Сонымен қатар ведомствоның атап өтуінше, биыл жолаушылар пойызы мен вокзалдарда жолаушыларға қызмет көрсетудің стандарттары әзірленген. Ондағы мақсат - жолаушыларға қызмет көрсетудің бірыңғай әдісін енгізу және сапасын арттыру. Аталған стандарттар қазір келісілуде және 2013 жылы бекітілетін болады.