Астана орталығының төбесі жабылуы мүмкін

Архитекторлардың ойынша, бульвар қыстың суығында аталған шатырдың арқасында жаздағыдай жайма-шуақ ауа райын сақтамақ, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Ал жаз кезінде шатыр ашылады.

Ірі жобаның екінші қабатында сауда-сауық орындары салынып, 6 мың көлік сиятын тұрақ болады.


Ал Astana sport city құрылысы «Астана Арена» стадионы,»Барыс-Арена», «Алау» нысандары мен «Сарыарка» велотрегін біріктірмек.

Calatrava компаниясының бұл жобасы тек бас архитектор ретінде ғана емес, сонымен қатар бас инвестор ретінде ат салыспақшы. Жобаға керек қаржы IPO әдісі арқылы тартылады. Нәтижесінде бюджеттен бір тиын да жұмсалмайды деп жоспарлануда.