«Астана» өз алаңында «Олимпиакосты» ұта алмады

Пирейде ірі есеппен жеңілген Стойловтың командасы өз алаңында «Олимпиакостан» есе қайтара алмады. Кездесудің небәрі 8-ші минутында Деспотович Твумасидің пасынан таблода есеп ашты. Бірақ бірінші таймның ортасында грекиялық ұжымның шабуылшысы Себа Шитовтың қателігін пайдаланып, таразы басын теңестірді. Матч соңына дейін есеп өзгермеді - 1:1.

Осылайша, «Астана» топтық кезеңде екінші ұпайына ие болса, «Олимпиакос» жеті ұпаймен «В» тобында көш бастады.


Еуропа лигасы. В тобы. 4-ші тур

«Астана» - «Олимпиакос» 1:1 (1:1)

Голдар: Деспотович 8 – Себа 29