Астана - Павлодар трассасында жол апатынан бір адам қаза тауып, 15 тонна дизельдік отын төгілді

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Астанада Астана - Павлодар трассасының 8-9-шы шақырымында 23 шілдеде сағат 13.00-де 40 тонна дизельдік отын әкеле жатқан "ПЭЙ ФАНК БЕН ЦИ" автоцистернасының 45 жастағы жүргізушісі көлігін аударып алды.

Соның салдарынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды; 15 тонна дизельдік отын 499,8 шаршы метр аумаққа таралып, топыраққа 10 сантиметрге дейін сіңді. "Рымжан Трейд" ЖШС күшімен отын жиналып, ластанған топырақ жиналып, жаратылды.