Анасының айтуынша, оған 8 тамызда кесер тілігін жасау керек болған. Алайда босанушылар саны көп болғандықтан ота мерзімін ауыстырған.
Жүктілігі қалыпты өткен. Кемшілігі, кіндігінде бір ғана артерия болған. Әйел кесір тілігін жасауға асықтырғаным, дәрігерлер бәрі қалыпты екенін айтып ота жасауға асықпайды.
«Бәріміз босанушы әйелдердің дәрігерлерге ақша төлеп қойғанын естідік. Сегізінше айдың сегізі күні, ерекше датада босанғысы келген әйелдер көп болған. Бұл күн менің балама өлім әкелді. Ал, олар осы күні босанғысы келген», – дейді Наталья.
Қалалық денсаулық сақтау министрлігінде дәрігерлердің дұрыс жұмыс істегенін айтады.
«Протокол бойынша кесер тілігін 39 аптада жасайды. Бұл жағдайдан бәріміз хабардармыз. Гистологиялық шешім шыққанда, нәтижесін хабарлайтын боламыз», – деді Астана қалалық ана мен бала денсаулығын сақтау басқармасының бөлім жетекшісі Сәуле Мукушева.
Наталья мен күйеуі прокуратураға арыз жазды.
Бұл бала өліміне қатысты Астанадағы бірінші дау емес. Соңғы екі ай ішінде қалада 4 әйел көз жұмды. Израильден келген дәрігерлер босанушы әйелдердің өлімін тексеріп көрді. Олар әйелдерді аман алып қалу мүмкін болмаған деді. Қазіргі уақытта қайтыс болған екі әйелдің баласы перзентханадан шығарылды. Екеуіні өмірі үшін дәрігерлер күресуде.