Астана полициясы дәріхана кассасынан ақша ұрлап кеткен жігітті ұстады

Астана полициясы дәріхана кассасынан ақша ұрлап кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Today.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Абылай хан даңғылындағы дәріханалардың біріндегі кассадан жас жігіт қорқытып-үркіту арқылы ақша ұрлап кеткен. Күдікті тұтқындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, оның барысында қалада тіркелген басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады", – деді ІІД. 

Полиция күдіктінің әрекетінен зардап шеккендер болса, "Алматы" ауданы ішкі істер басқармасына (Жансүгіров көшесі, 2) келе алатынын немесе 8 71 72 71 67 08 әлде 102 нөмірлеріне хабарласса болатынын айтты.