Астана полициясы мерейтойлық салтанаттар кезеңінде күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді

"Астананың 10 жылдық мерейтойын атап өтуге және ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының 17-ші жыл сайынғы сессиясы өткізілуге байланысты ІІМ мен Астана қалалық ІІД қалада қоғамдық тәртіпті сақтауға бірқатар ұйымдастырушылық-тәжірибелік шараларды қабылдайды", -делінген хабарламада.

"Белгіленген іс-шараларды өткізетін мерзімде қоғамдық тәртіпті қорғауға Астана ІІД-нің қызметкерлері толық құраммен, сондай-ақ, жақын маңдағы Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен ІІМ оқу орындарынан 800 қызметкер жұмылдырылады. Сондай-ақ, ІІМ орталық аппаратының 250 қызметкері мен ішкі әскерлердің 500 жауынгері тартылады", -делінген хабарламада.

Ішкі істер органдарының жұмылдырылған күш-құралдарын үйлестіру үшін шұғыл штаб құрылды.