Астана прокуратурасы Бралиевке қатысты қылмыстық істі қайта тергеуге бірнеше рет қайтарған

"Алдын ала тергеу органдары Бралиевке айып тақты. Олар қылмыстық істі сотқа жіберуге тырысып, мұны бірнеше рет жасап бақты, бірақ біз оны бірнеше жыл ішінде қайта тергеу жүргізуге бірнеше рет қайтардық",- деді В. Корчагин журналистердің қойған сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол, аталмыш істі бірнеше рет қайта тергеуге қайтарудың себебі келесідей: прокуратура қызметкерлерінің пайымдауынша онда "оның (Бралиевтің - агенттік тілшісінің ескертпесі) кінәлі екендігін дәлелдейтін дәлелдер, сондай-ақ айып тағып, сотқа жіберетін негіз жеткіліксіз" екендігін түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар Астана прокуроры, аталмыш іс бойынша басқа түсініктер бере алмайтындығын мәлім етті. "Өздеріңізге белгілі, Конституцияға сәйкес адам тек сот үкімімен және де үкім заңды күшіне енгеннен кейін ғана кінәлі деп танылады. Әзірге ешқандай үкім шыққан жоқ, іс қайта қаралуда. Егер іс сотқа дейін жетсе, соңғы шешімді сот шығарады",- деді В. Корчагин.

"Ал бұл істің одан әрі қалай өрбитіндігін алдын ала кесіп айтқым келмейді және де қаржы полициясының органдарымен баспасөз алдында дауласу - бұл менің деңгейіне сай келмейді және менің функциялық міндетіме жатпайды. Менің міндетім - заң тұрғысынан, дәл осы жағдайда процессуалдық заң мен Қылмыстық кодекс тұрғысынан шешім қабылдау",- деп қорытындылады ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, үстіміздегі жылдың 25-қаңтарында баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмырзаев ""Болашақ" бағдарламасына сай емес қырық адамның шетелге баруына мүмкіндік берген құжаттар әзірлеген адамдар қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс", деп мәлім еткен болатын. Сонымен қатар ол бағдарлама талаптарына сай емес қырық үміткерге "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарғаны үшін жауапкершілік шетелде мамандар дайындау жөніндегі республикалық комиссияға жүктелуге тиіс деген Ә. Бралиевті қорғау дәлелдерін жоққа шығарған болатын.

"Оның адвокаттарының қазір айтып отырғандары қорғаудың осындай әдісі. Ол тиісті құжаттарды дайындау кезінде (комиссия үшін - агенттік ескертпесі) бағдарламаға кіруге тиіс адамдарды тізімнен шығарып, осы қырық адамды қосып, құжаттарын комиссияға апарған",- деді С. Қалмырзаев. "Ал сөйтсе де Ә. Бралиев соңғы шешімді комиссияның формалды түрде қабылдағандығын айтуда, бұл жерде оның айтқаны бір жағынан жөн. Бірақ оның құжаттарды комиссия қарап, мақұлдағандай етіп дайындағандығын ескеру қажет",- деп қосты қаржы полициясының бастығы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің халықаралық бағдарламалар орталығының бұрынғы президенті Әлжан Бралиевтің үстінен қозғалған қылмыстық істі айыптау қорытындысымен сотқа жіберу үшін прокуратураға жіберілгендігі туралы 22-қаңтарда Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің сыбайлас жемқорлық жөніндегі істерді ашу және алдын алу департменті бастығының орынбасары Сәтім Тастайбеков мәлім еткен болатын.

"Бралиев Қазақстан Республикасы президентінің "Болашақ" стипендиясын беруге үміткерлердің тізіміне қойылған талаптарға сай емес тұлғаларды біле тұра қосып, басқа үміткерлердің конституциялық құқықтарын бұзған",- деп еске сала кетті С. Тастайбеков. Оның мәліметтеріне сүйенсек, осының нәтижесінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша мемлекеттік стипендияға орташа үлгерім балы 4,5 болатын, яғни іріктеу тәртібіне сай емес 40 үміткер ұсынылған. "Аталмыш иегерлердің шетелдік жоғарғы оқу орындарында оқытуға және олардың өмір сүруіне 134 млн теңгеден астам қаржы шығындалған",- деп атап көрсетті ол.

"Сонымен қатар, аталмыш қылмыстық іс аясында Ә. Бралиевтің өзіне және өзінің орынбасарлары Р. Нәбиева мен Д. Қасымоваға мемлекетке 5,7 млн теңге көлемінде шығын әкеле отырып, сыйақы төлемдерін аударып отырғандығы анықталды",- деп хабарлаған болатын С. Тастайбеков.