Астана прокуратурасы кәсіпкерлерді заңсыз тексеруге байланысты қадағалауды күшейтті

Жыл басынан бері 18 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде бизнес өкілдерінің 102 құқын бұзушылық анықталды.

Елорданың ресми сайтының жазуынша, жыл басынан бері 18 тексеру жүргізіліп, 102 құқық бұзушылық анықталды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 120-дан астам акті толтырылды. Соның ішінде 1 қарсылық қанағаттандырылып, 15 ұйғарым қаралды. 110 рет заң талаптары түсіндіріліп, 1 алдын ала сақтандыру жарияланды. Актілерді қарау бойынша, бақылаушы органдардың 28 лауазымды тұлғасы түрлі жауапкершілікке тартылды. Атап айтсақ, 24 адам тәртіптік жауапкершілікке, 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.