Астана қалалық әкімшілігі азық-түлік өнімдерінің бағасын өсірмеуге шаралар қолдануда

М.Толыбаевтың айтуынша, шараны жүзеге асыруға бюджеттен 15 млн. теңге бөлінді. "Бұл қаржыға біз 9 изотермиялық автокөліктер сатып алдық. Бұдан кейін көліктерді байқау арқылы кәсіпкерлер арасында 6 проценттік өсіммен 3 жылға лизингіге таратып бердік",- деді әкімнің орынбасары. Оның айтуынша, нәтижесінде күн сайын 30 тонна өнім сату көзделген. М.Толыбаев "бұл автокөліктерге ие болған кәсіпкерлер бағаны тым шарықтатпай, азақ-түлік өнімлерінің бағасын арзандатуға үлес қосады " дегенге сенім білдірді.

М.Толыбаевтың айтуынша, жеміс-жидек, көкөністермен бірге қала аулаларында басқа да азық-түлік өнімдерін саудалау жоспарланған. "Алайда, Астана қалалық әкімшілігі рынокты жаппай жаулап алу саясатын жүргізбейді",- деді ол. "Біздің әрекеттерімізді азық-түлік интервенциясы деп атауға болады. Демек, рыноктың 10-15 процентін ғана иемденетін боламыз. Бұл - базарды жаппай алмастырмай, бағаның арзандауына ғана ықпалын тигізуге тиіс".
Қала әкімі орынбасарының хабарлауынша, "биыл Елордасында 450 бір типті жеміс-көкөніс шатырлары жайылады", ал таяу күндері "Шапағат" деп аталатын жаңа коммуналдық рынок ашылады. "Бұл шаралар азық-түлік өнімдері бағасының арзандауына септігін тигізеді. Қалай дегенмен, бұл шаралар Елбасының жолдауына сәйкес үкімет жоспарлаған әлеуметтік бағдарламалар қарсаңында бағаның аспандауына жол бермеуге тиіс",- деді М.Толыбаев.