С.Хорошунның айтуынша, тек Астанада осындай нысандар саны - 227. Олардың бәрі де мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылып, шартты түрде үш топқа бөлінді.
С. Хорошунның айтуынша, бірінші топқа 120 нысан қамтылған, оларда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы топтағы 112 нысан құрылысын тез арада аяқтау үшін 219 млрд 579 млн теңге қажет. Бірнеше кезекпен салынады деп межеленген ірі тұрғын үй кешендерінің құрамды бөлігі болып табылатын (пәтерлер сатылмаған) 8 нысанға 68 млрд 741 млн теңге қажет.
Проблемалы нысандар қатарына қосылған екінші топқа 26 тұрғын үй кешені қамтылған, олардағы құрылыс жұмыстары компаниялардың ішкі тауқыметтеріне байланысты жүргізілмеген. Осындай әрбір компанияға қатысты оларды дағдарыстан шығарудың және құрылысты аяқтаудың дербес шаралар кешені дәйектелуде, деді С. Хорошун.
С. Хорошунның айтуынша, үшінші топқа 81 нысан енгізілген. Олардың бәрі де қаржыға мұқтаж емес, өйткені олар жоғары дайындық деңгейінде немесе пайдалануға берілу сатысында. Сонымен бірге, бұл топқа құрылыс жұмыстарына үлескерлердің қаржысы тартылмаған, немесе, жалпы пәтерлер көлемінің 1 - 2% ғана сатылған тұрғын үй кешендері енгізілді, деді С. Хорошун.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үкімет Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кезек күттірмес іс-шаралардың жоспарын жасаған.
Үкімет мемлекеттік қолдау көрсетілетін үш негізгі бағытты анықтады, бұл құрылысқа үлес қосушы азаматтардың құқығын қорғау және ипотекалық рыноктың тұрақтылығының төмендеуіне жол бермеу; шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын қолайлы шартпен қаржыландыруды жалғастыра беру;ел экономикасын әртатаптандыруда маңызды болып табылатын инвестициялық жобаларды қаржыландыру.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті