А.Мамытбековтың айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында "Альянсстройинвест" ЖШС салып жатқан тұрғын үй кешенінің бірінші кезегі бойынша алғашқы нысан 2005-жылдың шілде айында пайдалануға беріледі деп межеленген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Есілдің сол жағалауында салынып жатқан "Альянсстройинвест" ЖШС тұрғын үй кешені үш ғимараттан тұрады. Кешен 2005-жылдың желтоқсан айында толық пайдалануға берілуі тиіс. Кешен шеңберінде жылпы аумағы 50 мың шаршы метрді құрайтын 1 мың пәтер салынады.