Астана қалалық ІІД депутаттар үйінің күзетшісіне оқ атып, ауыр жарақаттау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады - Астана қалалық ІІД

М. Демеуов, аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасы мәжілісінің депутаты Оңалбай Аяшевтың ұлы Серік Аяшевтың күдікті екендігінен хабардар етті.

Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары брифинг барысында бұрындары бірқатар қазақстандық БАҚ-да таратылған Астана қаласының ІІД мен Алматы қаласының АІІБ қызметкерлері жәбірленушінің туысқандарынан арыз қабылдамады деген ақпараттарды жоққа шығарды. "Біз 18-қаңтарда Қазақстан Республикасының ҚК 103-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғағанбыз, бізде жарақаттану жөніндегі ғылыми зерттеу институтымен байланыс орнатылған, егер ауруханаға ауыр жарақаттанған адамдар түссе, біз жәбірленуші мен оның туысқандарының арызын күтпестен ауруханаға барып, сол жерде қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдаймыз",- деп түсіндірді М. Демеуов. Ол, сонымен қатар аталмыш баптың 1-тармағында қасақана ауыр жарақаттағаны үшін жауапқа тартылатындығы қарастырылғандығын атап өтті.

Оның сөзіне сүйенсек, жәбірленушінің әкесінің арызы оқиға болған күннің келесі күні, яғни 19-қаңтарда таңертең қабылданған. Сондай-ақ, Астана қалалық ІІД бастығының орынбасарының айтуынша, оқиға болған жерде (депутат О. Аяшевқа тиесілі пәтерде- Kazakhstan Today ескертпесі) Астана қаласының ІІД тергеу - жедел тобы барлық қажетті процессуалдық істерді жүргізген.

М. Демеуов, аталмыш дерек бойынша күдікті С. Аяшев қазіргі уақытта ұсталмағандығын және жүрген жері анықталмағанын атап өтті. Сонымен қатар, Астана қалалық ІІД-нің төрағасы орынбасарының сөзіне сүйенсек, жәбірленушіні жарақаттану жөніндегі ғылыми зерттеу институтына күдікті өзі жеткізіп, сонда кезекшілік қызметін атқарып отырған полиция инспекторына өзінің жәбірленушіні байқаусызда жарақаттап алғандығын хабарлаған. "Оны сол жерде ұстау қажеттігі тумаған. Себебі, ол жарақаттанған адамды ауруханаға өзі жеткізіп, оны абайсызда атып алғандығын мойындаған",- деді М. Демеуов. Оның айтуынша, үш куәгер де күдіктінің жәбірленушіні абайсызда атып алғандығын растап отыр.

"Айыпталушының әкесі тарапынан тергеу жүргізуге ешқандай қысымшылық жасалып отырған жоқ, керісінше, депутат О. Аяшев бізге ұлын табуға қатысты көмек көрсетуге уәде беріп отыр. Ол күдікті тергеуден емес өзінен қатты қорқады деп санайды",- деді М. Демеуов. Ол сондай-ақ, С. Аяшевтың жүруі мүмкін барлық жерлерге сұрау салынып, хабарлама жолданғандығын, бірақ күдіктіге іздеу жарияланбағанын мәлім етті.

"Іздеу салу процедурасы қылмыс жасалғаннан сәттен 10-күн өткеннен кейін және де күдіктінің айыбын мойнына қоятын жеткілікті дәлелдер базасы болса ғана қолданылады",- деді М. Демеуов. Сонымен қатар, ол аталмыш қылмыстық істі тергеу барысында күдіктінің жауапқа тартылу дәрежесі өзгертілуі мүмкін екендігін де жоққа шығармады, себебі куәгерлердің барлығы ауыр жарақаттың қасақана жасалмағандығын көрсетіп отыр.

Бұрын қазақстандық БАҚ-да хабарлағандай, депутаттар үйіндегі "Нұрсая" тұрғын үй кешенінде 18-қаңтарда "Мерген" күзет агенттігі" ЖШС күзетшісі Данияр Какеев пен мәжіліс депутаты Оңалбай Аяшевтың ұлы Серік Аяшевтың арасында төбелес шыққан. Төбелес барысында қару қолданылған. Төбелес салдарынан ауыр жарақат алған күзетші жарақаттану жөннідегі ғылыми зерттеу институтына жеткізілген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті