Астана қаласы әкімінің екі орынбасары тағайындалды

2005-жылдың маусым айынан бері "Қазақжолқұрылысы" ЖШС-ін басқарған 50 жастағы Е.Сұлтанов Елордасының экономикалық даму мәселелерімен шұғылданады. 2006-жылдың мамыр айынан бері президенттің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары болған 43 жастағы Е.Аманшаев әлеуметтік саланы жауаптанатын болады.

Е.Сұлтановтың екі жоғары білімі бар: ол "құрылыс және жол машиналары" және "автокөлік жолдары мен аэродромдарды салу және олардың жабдықтары" мамандықтары бойынша білім алған.

90-шы жылдардың аяғында Е.Сұлтанов ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің автожолдар департаментін басқарды. Бұдан кейін "Қазақавтожолдары" РМК директорының бірінші орынбасары болды. 2002-2005-жылдарда Көлік және коммуникациялар министрлігінің автожолдар комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Е:Аманшаев филолог маманы, 2000-жылдың наурыз айында Астана қаласы мәдениет департаментінің төрағасы, 2002-жылдан бастап ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәдениет комитетінің төрағасы, мәдениет вице-министрі, мәдениет, ақпарат және спорт министрінің орынбасары болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті