Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеңесте ШЫҰ-ның шеңберінде өріс алып жатқан миграциялық процестерді құқықтық тұрғыдан реттеуде, соның ішінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қытай сынды ұйымға кіретін басқа елдерге қарағанда Қазақстан үшін транзиттік жағдай өткір тұрған мәселе. ШЫҰ-на мүше елдердің ынтымақтасуы миграциялық заңнаманы және маңызды деген негізгі құжаттарды іріктеп жетілдіру, өз кезегінде мемлекет алдындағы миграциялық тасқынға белсенділікпен әсер еткен бірталай проблемаларды тұтастай шешеді. Бұл проблемалардың қатарына еңбек етуге заңсыз әкелу миграциясы, және де есірткі транзиті (ШЫҰ-на мүше елдер марихуана өндіретін елдердің тізіміне кіреді), қару-жарақ, терроизм мен экстремизмді тарататын зардаптарды тудырады.
Кеңестің күн тәртібіне енген екінші бір маңызды мәселе - соттардың экологиялық заңнамаларды қолдануы. ШЫҰ-на мүше елдердің жалпы шекрасында эколкогиялық проблемаларды шешу мәселесі төңірегінде ынтымақтасудың қажеттілігі өткір де маңызды нәрсе. Шанхай ынтымақтастық ұйымының шекарасындағы эколкогиялық заңнамалардың орындалуының тимділігін қамтамасыз ету және жүзеге асыру - эколкогиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды қадам, әрі ШЫҰ-на мүше елдердің жалпы ахуалын жоғары көтереді. Сонымен бірге Шанхай бестігіне кіретін үш ел Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан "Қоршаған ортаға қатысты мәселелер жөніндегі сот әділдігіне және шешім қабылдауға көпшіліктің қатысуы туралы ақпаратқа қол жеткізу" жөніндегі Орхус Конвециясындағы бұл маңызды мәселені талқылап, маңыздылығын бекітті. Ынтымақтастықтың бір ұйымының шеңберінде өріс алған қарама- қайшылықты және оның халықаралық шартқа мүше бөлігінің қатысу-қатыспауын нығайтуды реттеуі қажет. Жоғарғы Соттың өкілдерімен экологиялық заңнамаларды қолдану проблемалары, сондай-ақ ШЫҰ-ның шеңберінде "Қоршаған ортаны қорғау төңірегіндегі ынтымақтасу тұжырымдамасының" жобасын талқылау жақсартылды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің дегегациясын бастаған әр елдің Жоғарғы Сот төрағлары Астанға 18 мамыр күні келеді. Келесі екі күнде Жоғарғы Соттың конференц залында және перзиденттік "Риксос" қонақ үйінде баяндамашылар тақырып бойынша сөйлейді. 19 мамыр күнгі Кеңестің салтанатты ашылуына қатысатындарды Қазақстан атынан Жоғарғы Соттың төрағасы Қайрат Мәми мен Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев құттықтайды. Қытай Халық Республикасының Жоғары Сот органының басшысы Ван Шенцзюнь, Қырғызстаннан Д. Алиева, Ресей Федерациясынан В. Лебедев, Тәжікстаннан Н. Абдуллаев, Өзбекстаннан Б. Мустафаев сөз алады.
21 мамыр күні кеңестің қорытындысы жасалып, "Риксос" қонақ үйінде құжаттар жиынтығына қол қою рәсімі өтеді.
ШЫҰ-на мүше елдердің Жоғарғы Сот төрағаларының кеңесі алғаш рет Шахай ұйымының негізі қаланған 2006 жылы Қытайдағы Шанхай қаласында болды. Тараптар аймақтағы терроризм, экстремизм, сепаратизммен күресудегі тарансшекаралық қылмыстарды жазалау мәселесін талқылады. Бірінші кеңес бойынша тараптардың біріккен ұсыныс шеңберінде Жоғарғы Соттардың өзара ынтымақтасу саласындағы кеңесу келісілді. 2007 жылы Санкт-Петербургте Жоғарғы Сот төрағаларының екінші Кеңесі өтті. Бұл форумда соттардың халықаралық құқық нормалары мен халықаралық шарттардың соттарда жалпы танылған принциптерін қолдану проблемасы, сондай-ақ есірткі заттарын заңсыз айналысқа түсіру, экстремизм істері жөніндегі сот практикасына қатысты проблемаларды қарастырды.