"Ағымдағы жылдың 9 айында Астана жолдарында 380 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Олардан 85 адам қаза тауып, 459 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған" , - деді О. Қосанов.
Оның мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандардың саны өткен жылдың осындай мезгілімен салыстырғанда 7,84 пайызға азайған. Ал жарақат алғандардың саны бойынша 28,14 пайыз төмендеу тіркеліп отыр.
"Жол-көлік оқиғаларының кең таралған себептерінің бірі жолдарда жылдамдық белгіленген режимін бұзу, жолдың қарсы бетіне шығу, белгіленбеген орында жолды кесіп өту болып табылады", - деді Ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының басшысы.
О. Қосанов сондай-ақ, көлікті мас күйінде жүргізген жүргізушілер кінәсінен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін хабарлады. Онда 3 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті