Астана қаласының әкімі Джеки Чанды әуежайдан күтіп алды

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов әлемдік актер Джеки Чанды елорда әуежайынан күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жөргенбаева Фейсбуктегі парақшасында «Қала әкімі әйгілі актерды қарсы алды», - деп жазды.

«Оскар» сыйлығының иегері Джеки Чан 7 маусымда Қазақстандағы Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатына қатысады деп күтілуде. 


Еске сала кетейік, Джеки Чан қазақ әншісі Димаш Құдайбергенді Қытайдағы «Мен әншімін» байқауында қолдаған болатын. Өз кезегінде Димаш Құдайберген Джеки Чанды «үлкен ағам» деп жазған еді.