Астана қаласының аудандық сотында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық іс қаралуда

"Аудандық сотта қазір ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық іс қаралуда. Оған кәсіпкерлік іс-қызметке заңсыз қатысқан, салық төлеуден жалтарған және заңды тұлғаларды ірі көлемдегі әкімшілік айыппұлдардан заңсыз босатып келген деген айыптар тағылған" -деді Б. Дембаев.

Астана қалалық прокуратурасы таратқан баспасөз баянында айтылғандай, С. Қанатов "түрлі кәсіпкерлердің кірістері мен шығыстары туралы декларацияларына бұрмаланған мәліметтер енгізіп, түрлі коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтаруға жол ашып берген".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007 жылдың 17 мамырында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Сәбит Қанатов экономикалық қылмыстарға қытысы бар деген күдікпен ұсталды.

"ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану, салық төлеуден жалтару деректері бойынша қозғалған 7 қылмыстық іс тексерілуде", - деді сол кезде ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Қожамжаров.

Оның айтуынша, бұл істер бойынша келген шығын көлемі 136,5 млн теңгені құрады.