Астана қаласының бюджетіне салық және төлемдер түрінде 57 млрд теңгеден астам қаржы түсті

Е. Аманшаевтың ақпаратына сәйкес, салық заңнамасы мен "Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі" ҚР Кодексін бұзғаны үшін есепті мерзімде 45 шаруашылық субьектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айыппұлдар көлемі 1 млн 690 мың теңгені құрады.

24 қазандағы жағдаймен Астана қаласының бюджеті кіріс бойынша 98% орындалды. Бюджет қаржысы 84,9% игерілді, немесе жоспарланған 156 млрд теңгенің 133 млрд теңгесі игерілді.

Өткен аптада бұған қоса заңды тұлғаларға төрт кешенді тексеру жүргізіліп, қосымша 3 млн 779 мың теңгенің салықтары мен айыппұлдары өндіріп алынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті