Астана қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінің директорының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

"12 мамыр күні жедел іздестіру шаралары кезінде 120 мың теңге алу кезінде Астана қалалық Сарыарқа аудандық №1 Халыққа қызмет көрсету орталығының директорының орынбасары қылмыс үстінде қолға түсті. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды", - деді А. Кәрімов.

Бұл ретте ол үстіміздегі жылдың 7 мамырында қалалық департаментке Халыққа қызмет көрсету орталығының директорының орынбасарына қатысты шағым келіп түскенін баяндады. Ол алаяқтық жолмен азаматтың 610 мың теңге көлеміндегі ақшасына ие болған. Ол оған жер телімін алуға ықпал етуге уәде берген.

"Соңында жоғарыда көрсетілген жер телімін берместен директордың орынбасары тағы 1 мың доллар талап еткен", - деп хабарлады елорданың қаржы полициясының басшысы.