Астана қаласының көлік жолдары және жолаушылар көлігі департаментінің жаңа директоры тағайындалды

Баспасөз қызметі хабарлағанындай өткен жылдың қараша айынан бастап 31 жастағы Қанат Сұлтанбеков Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. Бұған дейін Алматы қаласы әкімі аппаратының кадрлік жұмыс және бақылау -инспекторлық бөлім меңгерушісі, Алматының көлік жолдары мен жолаушылар көлігі департаментінің басшысы болды.

"Біз Алматыда бірге жұмыс істедік. Оның ұйымдастырушылық қабілеті мен кәсіпқойлығын біле отырып, ол департамент алдына қойылған мақсаттарды орындайды деген сенімдемін", - деп атап өтті Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмагамбетов қала активіне жаңа жетекшіні таныстыра отырып.