Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бақылаушы Е. Шин Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің "Сақшы - На страже" ЖШС директорының орынбасарынан заң бұзушылықсыз акті жасағаны үшін сыйақы ретінде 250 мың теңге сомасында пара алу үстінде ұсталған.
"Астананың Алматы ауданының № 2 сотының үкімімен Шин Е. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағында қарастырылған (пара алу) қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды",- деп айтылған хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті