Ит аулағыштар бұған дейін қаңғыбас иттерді тор құрып ұстап келген. Енді бұдан былай шприц салынған мылтықтармен ататын болады. Бүгіннің өзінде елорданың ең түкпір аудандары мен жаңадан салынып жатқан көшелерден жүздеген иттің соңынан қуып жүріп атты. Дәріден төртаяқтылар бірден қылжиып ұйқыға кетеді. Рейд кезінде тіпті жануарлардың иесі бары-жоғаны анықтау үшін ит атушылар үй-үйдің есігін қағуға мәжбүр болды. Ал, ұсталған иттердің бәрі мына уақытша ұстау орталығына жеткізілді. Шынжырланған төртаяқтылардың 3 күн ішінде қожайындары табылмаса, ұйықтататын дәрі егеді. Қала басшылары нақ осы орталық жұмысын жеңілдету үшін жақын арада арнайы сайт та ашып қоямыз деп отыр. Онда орталыққа келген бойда жануар туралы барлық ақпарат ілінетін болады.
Нұрлан Қарабатыров, Астана қаласы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
-Осыған сәйкес қала тұрғындары немесе ит иелері өзінің иті не мысығы жоғалған жағдайда өз жануарлары туралы ақпарат алуға болады. Жануарын тізбеден тапса аулауға кеткен шығындарды төлеп, арыз жазса, олар иелеріне қайтарылатын болады.
Loading...