"Ақмола облысында Анар ауылы қасында көпірдің тірегіш білігінен аралық алты бөрененің жылжып кетуі және шарнир тіреуіштерінің бұзылуына орай Бүйректал өзені арқылы өтетін көлік жүруге арналған көпір жабылды", деп хабарлады бейсенбіде мемлекеттік "Қазақавтожол" кәсіпорны.
Осы орайда көліктің барлық түрі 2000 метр айналмалы жолмен жүріп жатыр. Алдағы күндері айналма жолдың учаскесі 500 метрге дейін қысқарады", делінген ақпаратта.