«Астана» құрамасының өкілдері «Silk Way Rally 2010» ралли марафонында үздік нәтиже көрсетті


Санкт-Петербургтан Сочиге дейін өткен жарыс жолының қорытындысы бойынша Ардавичустің экипажы мәре сызығын 6-шы болып қиған. Естеріңізге сала кетейік Артур Ардавичус жарыс жолына «КАМАЗ-Мастер» командасының құрамында шыққан болатын. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын Эдуарт Николаевтың, екінші, үшінші орындар Дакардың бірнеше мәрте жеңімпаздары Чагин мен Кабировтың тобына бұйырған. Жерлесіміздің командасы жарыс жолына тұңғыш рет шыққанын ескерсек, 6-шы орын ең үздік нәтиже екендігі даусыз. Ралли-рейдке қатысу үшін құрылған «Астана» командасының мүшесі болып табылатын Артур Ардавичус жарыс жолында жинақталған тәжірибесін «Астана» сапында пайдаланатынын айтады. «Астана» құрамасының тағы бір мүшесі Жанат Жәлімбетов те осы жарыста біріккен «КАМАЗ-Мастер» тобының құрамында механик ретінде қатысқан. Оның айтуынша «Silk Way Rally 2010» ралли марафоны үлкен тәжірибе болған. «Бұл жолғы сайыс алдағы «Дакар» марафонына үлкен дайындық болды» дейді Жанат.