«Астана» құрлықтық командасының велошабандозы «Тур де лЭн» көпкүндігінде 11 орын алды


5 кезеңнен тұратын бұл дүбірлі сайыста «Астана» құрлықтық командасының намысын Қайрат Байғудиновтың жетекшілігімен 7 спортшы қорғаған болатын. Жалпы жіктелімде Алексей Луценко 11-ші, Даниил Фоминых 28-ші, Назар Жұмабеков 49-шы, Александр Шушемоин 92-ші орын алды. Ал Никита Өмірбеков пен Арман Камышев жарыс жолын толық аяқтай алмады. Онда үздіктер көшін американдық Андреу Талански мен испаниялық Даниэл Наварра бастады.