Астана сахнасында «Мәншүк ерлігі» жаңа әні орындалды

Бұл - Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметоваға арналған шығарма.

Биыл Ұлы Отан соғысында асқан ерлігімен шығыстың жарық жұлдызы атанған қазақтың даңқты қызының туғанына 90 жыл толды. Жаңа әннің шығуы осы датамен тұспа-тұс келіп отыр.

Бұл оркестрдің сүйемелдеуімен жеке дауысқа және хорға арналған күрделі формадағы музыкалық шығарма екенін айта кеткен жөн. Әннің сөзін жазған ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айбатыр Сейтақ. Әннің авторы - мәдениет қайраткері, сазгер Нұрлан Бекенов. Алғаш рет орындаушы аталған университеттің І курс студенті Азат Мәлік.

Ән: «Қара бұлт аспан торлады,
Бейбіт-Күн жарық сөнгенде.
Қыздар да Отан қорғады
Батыстан қатер төнгенде» деп басталады.

Ал қайырмасы:
«Дұшпанға қарсы күрескен
Халқымның батыр ұл-қызы.
Қазақтың қызы Мәншүгім -
Шығыстың жарық жұлдызы!»- деп түйінделеді.

Сонымен қатар бұл концертте халық композиторларының және қазіргі сазгерлердің шығармалары көрермен назарына ұсынылды.