Бұған дейін «ИШИМ» деген атпен танымал топ заң жүзінде экстремистік ұйым санатында болмаған. Енді бас прокуратура оларды «Әл-Қаида», «Мұсылман бауырлар» сияқты ең қауіпті 17 лаңкестік ұйым қатарына қосып отыр. Айта кетсек, бүгінде «ИШИМ» экстремистер ретінде ондаған елде танылып, қызметіне қатаң тыйым салынған. Енді бізде де осы ұйымның сөзін сөйлеп немесе жақтасып қандай да бір үгіт-насихат жасағандар заңмен қудаланады.
Loading...