Астана соты Қайрат Жамалиевті үйқамаққа шығарудан бас тартты

Екі айға темір торға тоғытылған Жамалиев үйқамаққа ауыстыруды сұраған. Алайда, судья тергеу қаулысын сол күйде қалдырып отыр. Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге ұлы Әлибидің суретін салып, көпшіліктен көмек сұраған еді. Айтуынша, Елордадағы ең қымбат мейрамханалар мен құрылыс компанияларының иесі Қайрат Жамалиев 24 жастағы баласын аяусыз тепкілеп, бетін үтікпен күйдіріп, әбден қорлаған. Мұнымен қоймай «екі кісіні өлтірдім» деп мойындауға мәжбүрлепті. Кейін кәсіпкердің өзі қамауға алынып, бар мүлкіне сот тыйым салған болатын. Ал, дау Жамалиевтің тоқалынан шыққан. Келіншек жас жігітпен де көңіл қосқан, - дейді жәбірленушінің әкесі. Істің ақ-қарасын тергеушілер анықтап жатыр. Оған дейін жас тоқалын қызғанған Жамалиев темір торда отырады.

Loading...