«Астана» спорт клубына 17 жастағы қыз қабылданды

Міне еліміздің спорт саңлақтарының қолынан ресми жейде алып Президенттік «Астана» клубының мүшелігіне өткен шабандоз қыз қазір бар-жоғы 17 жаста. 9 жасынан бастап картинг айдап машықтанған Любовь елімізде өткен көлік сайыстарында қарсылас шақ келтірмепті. Нәтижелері үздік спортшы қыз, осылайша Қазақстан намысын қорғайтын элиталық спорт клубтың мүшесі атанды. Енді ол алдағы жылдан бастап Формула-3 сайысына қатысатын болады. Ол жердегі жетістіктері жоғары болып қажетті ұпай жинаса әйгілі Формула-1 аламанының да ауылы алыс емес.


Любовь Андреева, «Astana Motorsports» командасының мүшесі:

-Бұл біздің еліміздегі автоспортқа деген үлкен қадам деп айта аламын. Мен үшін Астана клубының атынан сайысқа түсу үлкен жауапкершілік. Келесі жылдан бастап басталатын жарыстарда жеңіске жетемін деген ойдамын. Қазір қызу жаттығудамыз.