«Астана су арнасы» МКК борышкерлерді сумен жабдықтау жүйесінен айырады

Бұл туралы «Астана су арнасының» баспасөз баяныныа хабарланған.

Қаланың қасақана төлемеушілерінен борыштарын өндіріп алу жөнінде кең ауқымды жұмыстар жүргізіледі.

29 қарашада коммуналдық бригадалар заңгерлермен бірге борыштары шамадан тыс көп азаматтарды орталық сумен жабдықтау жүйесінен айыру жөнінде рейд өткізуді жоспарлауда. Тұтынушылар қарыздарын толық көлемінде өтегеннен кейін «Астана су арнасы» МКК қызметіне қайта қосылады. Борышкерлердің аса көп болуын ескере отырып, рейдті БАҚ өкілдерімен және заң кеңесшілерімен бірге ұйымдастыру жоспарлануда.

Сумен жабдықтау жүйесінен айыру алдында халыққа алдын ала телефон арқылы борыштары туралы үнемі хабарланады. Сонымен қатар қызметтерді тұтынушыларға автоматты түрде қоңырау соғылады.