Астана тас жолында джип жүргізушісіне шабуыл жасалды

«Оскаровск ауданында Батпақ ауылынан бес километр жерде «Ауди» көлігі джипті жол шетіне қысып тоқтатқан. Көліктен белгісіз үш адам түсіп, жүргізушінің бетіне көзден жас шығаратын газ шашып, басынан қатты затпен ұрған да, 29 млн 50 мың теңге салынған сөмкені алып кеткен», - деп бүгін облыстық прокуратура мәлімдеді.

Қарақшылық шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл жасағандарды полиция іздестіруде.