Астана - Тәуелсіз Қазақстанның символына айналды - мемлекет басшысы

"Елдің жаңа Елордасы- Астана бойын тіктеп, жаңа Қазақстанның символына, мерейлі мақтанышына айналды. Дәл осы жерде, еліміздің жүрегінде мемлекетті дамыту стратегиясы жасалуда",- деді мемлекет басшысы.

"Астана еліміздегі экономикалық өсімге серпін берді. Қалада құрылыс саласына 5 млрд. доллардан астам қаржы жұмсалды",- деді мемлекет басшысы.

"Қазақстанның Елордасы - еліміздің тәуелсіздігінің салтанат құруының нышаны", деп атап өткен президент "барша қазақстандықтар өз елін, өз Астанасын мақтан тұтса", деген тілегін білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті