Астана Тбилисиге ресми нота жолдады - СІМ


арыздарының жиілеп кетуіне байланысты жағдайды түсіндіріп өту сұралған, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов.

Оның айтуынша, Қазақстан СІМ консулдық қызмет департаментінің қызметкерлері сәуір айының ортасында Астанадағы Грузия елшісі Зураб Патарадземен осы мәселе бойынша сөйлескен.

СІМ баспасөз хатшысының айтуынша, Грузия елшісі "ТМД елдерінен рейстерге қатысты" ондай фактілердің орын алғандығын мойындады. Дипломат бұл ақпаратты басшылыққа жеткізетіндігін айтты және депортация жағдайларының жанама түрде Грузияда жуық арада жүргізілген адамдар трафигі мен сатылуына қарсы күрес шараларына байланысты болуы ықтимал екендігін жоққа шығарған жоқ.