Астана Тұңғыш президент күнін атап өтуге әзірленіп жатыр

Мереке қарсаңында елордада түрлі жарыстар, байқаулар, көрмелер мен концерттер өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, Оқушылар сарайында елордалық мектептердің үздік оқушылары арасында байқау өтеді. Байқау 20-қарашакда аяқталады.
Қарашаның 16-сы мен елтоқсанның 5-і аралығында Тәуелсіздік сарайында қазақстандық суретшілер Владимир Курилов пен Шүкір Шахайдың фотокөрмесі өтеді. Оған фотосуретшілердің тұңғыш президентке қатысты фотосуреттері қойылмақ.
Ал, қарашаның 20-сы мен желтоқсанның 20-сына дейін Астана кітапханаларында «1-желтоқсан - Қазақстан республикасының тұңғыш президенті күні» атты кітап көрмесі өтеді.
Мейрамға орай 26-қараша күні Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 10 мың теңгелік төлем карточкаларын табыстау шарасы басталады.
«1-желтоқсанда қала тұрғындары мен қонақтары режиссер Р.Әбдірашевтің «Менің балалық шағымның аспаны» атты фильмін тамашалап, Бейбітшілік және келісім сарайында «Астана» эстрадалық-симфоникалық оркестрінің өнеріне тәнті болмақ.
Астана билігінің хабарлауынша, іс-шараға елордалық мектептердің құрама командалары арасында кешенді спорт және ойын-сауық эстафетасы нүкте қоймақ. «Президент сынағы» деп аталатын жарыс «Астана-арена» алаңында өтеді.
«Мерекелік көңіл-күй барлық жерде сезіледі. Сол күні балалар үйлерінің тәрбиеленушілері «Алау» мұз сарайына барады. Елорда халқы сауда орталықтарындағы жеңілдіктерді пайдаланса, 1-желтоқсанда туған балаларға сыйлықтар беріледі», - делінген хабарламада.
Биылдан бастап елімізде 1-желтоқсан - Тұңғыш президент күні мерекесі ретінде атап өтілмек. Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік мереке болып саналатын бұл күні Қазақстан халқы демалады.