Астана тұрғыны елшіге қастандық жасалғалы жатқанын хабарлады

Астана тұрғыны полицияға хабарласып, шетелдік елшіге қастандық жасалатынын айтқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана ІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бұзақылық пиғылмен полицияға жалған ақпарат таратқан жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті шет мемлекеттің елшісіне қастандық жасауға дайындық жүріп жатқанын хабарлаған.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.