Көңілі кең пәтер қожайынын күннен-күнге ұлғайып бара жатқан көршілердің саны мүлдем алаңдатпапты. Себебі мұны табыс көзіне айналдырып әр тіркеу үшін қомақты ақша алып отырған. Ал бір бөлмелі пәтерге, бір мекен-жайға жайғасқан 50 компания болса осындай қулығы арқылы салықтан жалтармақшы болған. Бір жағынан бұл заңсыз емес. Енді шенеуніктер жеке серіктестікті тұрғын үйлердің мекен-жайына тіркеп салықтан қашатын кәсіпкерлерді тығырыққа тіремек. Сөйтіп салық департаменті, тобымен баспанаға жайғасып алған компанияларға коммуналдық ақыны қымбаттату жөнінде монополистерге ұсыныс айтпақшы. Ал пысықай бизнесмендерді тіркеген пәтер иелері жауапқа тартылады. 3 жыл бұрын да осыған ұқсас жағдай болған. Онда Астана тұрғыны пәтеріне компания емес, 1700 адамды тіркеп рекорд жаңартқан еді.