- Боқ сідік мына жақтан келіп жатыр. Мына дүңгіршекке дейін жетіп ары қарай ағып кетіп жатыр.
Жағымсыз иіске тұншықтым деген Сапар Есіркепов әскерилердің әжетханасымен алысып жүргеніне 3 жылдан асыпты. Штаб басшысына сан рет шағымданған. Алайда, одан еш нәтиже болмаған. Астаналық тұрғынның шынында да қорасының бір бөлігі көл болып жатыр. Бірақ, неге екені белгісіз, қоршаудың арғы бетіндегі офицерлер үйінің ауласына су жұқпаған, . Оның үстіне «әжетханадан шыққан лас суды күнде арнайы көлікпен сорып аламыз» деп әскерилер азар да безер. Дау тудырған ауланы өз көздерімен көру үшін бір топ офицер арнайы келіп аралап та шықты. Алайда, көршілер тағы тіл табыса алған жоқ. Тіпті әскерилер шағымданушыны арақ ішіп алып ілік іздеп жүр деп сөкті.
Сапар Есіркепов, Астана қаласының тұрғыны:
- Бұл адам ішіп алған. Түсіріп алыңыз.
- Оның қатысы қанша?
-Сен мені ластап отырғаның анық. Сондықтан ішті ішпеді деуің артық.