Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Кемсітуге қарсы Myqty.women бастамасының қатысушысы Нұрсұлу Гапурова жыныстық қудалауға қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізуді талап етті.
"Мен жыныстық бопсалауға қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізілгенін талап етемін. Қазақстанда әрбір әйел жыныстық бопсалауды басынан өткерді және бұл қандай да бір себептерге байланысты мемлекетке зорлаушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жеткіліксіз болып отыр. Біз мемлекет Қазақстан әйелдері мен балаларына неге соншалықты немқұрайды қарайтынын түсінбейміз.
Қоқыс тастау, көшеге түкіру және жыныстық бопсалауға қатысты жауапкершілік бірдей болғаны қалыпты жағдай емес. Бұл әйелдер мен балалар психикасының бұзылуына әкеледі", - деді әйел.
Акция Астана әкімдігімен келісілген.
Loading...