Астана тұрғынына Facebook арқылы бала зорлады деген айып тағылды


Елорда азаматшасы кішкентай баланы зорлады деп ер адамды айыптап, тіпті, оның суреттерін Facebook парақшасында жариялаған. Алайда ер адамның ешқандай зорлық әрекетке бармағандығы анықталды, деп хабарлады Sputnik.-ке сілтеме жасап, стан.кз хабарлады. 

Астана тұрғынының үстінен қозғалған қылмыстық іс дәлел болмағандықтан тоқтатылды. Әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқаны үшін ер адамның ар-ожданына сызат түсіп, кәсіби беделіне нұқсан келді. Осы себепті Астанадағы Алматы аудандық соты Facebook әлеуметтік желісінде оған дейінгі таратқан ақпаратын жоққа шығаруды талап етті. Сот ісі ер адамның пайдасына шешіліп, әйел 200 мың теңге көлемінде өтемақы төледі. Шешім әзірге заңдық күшіне енген жоқ.