«Астана - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында Қ.Әжібекұлының «Арман дала» жеке көрмесі өтеді

Бұл ақпаратты «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы таратып отыр.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Астана 2012 жылы түркі әлемінің мәдени Астанасы болып жарияланды. Осы халықаралық іс-шараларды лайықты өткізуіміз керек», - деген болатын. Осы бағытта «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы Қазақбай Әжібекұлының «Астана - түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шаралары аясында «Арман дала» көрмесін өткізуді қолдады», - делінген хабарламада.

Қ.Әжібекұлы ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Президенті стипендиясының лауреаты (1998), ҚР Үкіметі «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, республикалық және халықаралық конкурстардың дипломанты. Қ. Әжібекұлының шығармашылығы жайлы: «Степная пастораль», «Сары дала», «Кескіндемеші» сияқты телевизиялық фильмдер түсірілген.